📚AlmaU университетінің «Логистика» мамандығының студенттері Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтына келді. Олар институттың қызметімен, ғылыми жетістіктерімен және елдің жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесімен танысты.
🔎Студенттер үшін ерекше қызықты нысандардың бірі – түрлі жол материалдарын сынақтан өткізетін зертхана болды. Сонымен қатар, олар «ҚазжолҒЗИ» жүргізіп жатқан жаңа зерттеулер мен әзірлемелер туралы мағлұмат алды.
✅Логистика саласының болашақ мамандары құнды тәжірибе жинақтап, көлік саласын дамытудағы ғылыми көзқарастың маңыздылығын атап өтті.