Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Астанада Жол саласындағы серіктестік күні бастау алды

Елордада «Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды салу және күтіп ұстау: қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары мен тәжірибесі» атты халықаралық конференция аясында маңызды шаралардың бірі — Жол саласындағы серіктестік күні бастау алды.

Аталған іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы жол құрылысы мен инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде жетекші компаниялардың таныстырылымдары ұсынылып, цифрландыру, экология және жол қауіпсіздігі тақырыптарында пікірталас сессиялары өтті. Сонымен қатар іскерлік байланыс орнатуға арналған биржа ұйымдастырылуда. Қатысушылар нақты жобалар мен тәжірибелік үлгілерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуға және кәсіби серіктестікті нығайтуға негіз қалады.

Конференцияда «Көпір құрылыстарын зерттеудегі инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында баяндама жасалып, институт мамандары цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып, көпірлердің техникалық жай-күйін диагностикалау, мониторинг жүргізу және бағалаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау тиімділігін арттыруға арналған «QSmart» арнайы қоспалар желісін әзірлеу және оның практикалық қолданылуы жөнінде баяндама жасалды.

Жол саласындағы серіктестік күні — екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам. Ол жол саласының өркендеуіне және қос ел арасындағы ұзақмерзімді әріптестікке жол ашары сөзсіз.