Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанға 23 елден жол саласы өкілдері келді

Астана қаласында Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC) құрамына кіретін 23 елден келген 50-ге жуық жол саласының маманы бас қосты.

2023 жылы Қазақстан алғаш рет қауымдастықтың Атқарушы комитетінің мүшесі атанып, төрт жылдық өкілетке ие болды. Араға екі жыл салып, елімізде өзге мемлекет өкілдерінің қатысуымен комитеттің жаңа құрамының отырысы өтіп жатыр.

Отырысты Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Министр жол инфрақұрылымын дамытуда серіктестікті нығайтудың, заманауи шешімдерді енгізу мен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

PIARC қауымдастығының Құрметті Президенті Назир Алли ұйымдастырылған шара үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында қатысушылар PIARC-тың 2025–2029 жылдарға арналған жұмыс бағыттарын талқылады. Негізгі тақырыптардың қатарында жолдарды жобалау мен пайдалану тәсілдерін жаңғырту, жол қауіпсіздігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және нормативтік стандарттарды жетілдіру бар.

PIARC – әлемнің 140-тан астам елін қамтып, жол саласының мамандарын біріктіретін беделді халықаралық платформа. Қауымдастықтың басты миссиясы – жаһандық білім алмасуға жағдай жасау, заманауи тәсілдерді қалыптастыру және жол инфрақұрылымы саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.

PIARC Атқарушы комитетінің жаңа құрамының алғашқы отырысының елімізде өтуі – Қазақстанның халықаралық көлік саласындағы рөлін анықтап, тиімді әріптестік құру жолындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.