Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанда «Көлік құрылысы» мамандығына қызығушылық 10 есеге артты

2025 жылы Қазақстанда В126 «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламасына деген қызығушылық айтарлықтай өсті.

2025–2026 оқу жылында бұл мамандыққа 449 студент қабылданып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда он еседен асты. Бұл – жол саласында еңбек ететін мамандар беделінің өскенін және саладағы мамандарға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Елде жол саласының қарқынды дамуы автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау, оларды күтіп-ұстау және пайдалану, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптардың өсуі секілді ірі жобалармен қатар жүреді. Осылардың бәрі білікті мамандарға деген тұрақты қажеттілікті туғызады. Жолшы мамандығы әр кезеңде маңызды рөл атқарады және әрдайым өзектілігін сақтайды.

Оқуға түскен студенттердің санының өсуі – Қазақстанда автомобиль жолдары саласын дамытуға және өңірлерде ірі көлік жобаларын жүзеге асыруға дайын жаңа буын мамандардың қалыптасып жатқанын көрсетеді.

Ашық деректерге сәйкес, еліміздің автожол саласында шамамен 200 мың адам жұмыс істейді. Олардың 30%-ын зейнет жасына таяған немесе зейнеткерлік жастағы мамандар құрайды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады – шамамен 2500 маман жетіспейді.

Осы мәселені шешу үшін Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жұмысы нәтижесінде 2024 жылдан бастап «Көлік құрылысы» бағыты бойынша 1 000 қосымша грант бөлінді. Бұл бастама жол саласына қажетті білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Көлік құрылысы» бағдарламасын Қазақстанның 10 жетекші жоғары оқу орындары ұсынады:

  1. М. Тынышпаев атындағы ALT университеті
  2. Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты
  3. Satbayev University
  4. Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті
  5. М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
  6. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  7. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  8. С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті
  9. Халықаралық білім беру корпорациясы
  10. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті