Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанда техногендік қалдықтардан минералды ұнтақ өндіріле бастайды

Қазақстанда металлургиялық шлак пен күлден асфальтобетонға арналған минералды ұнтақ өндірісі жолға қойылады.

2024 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері талқыланып, «ҚазжолҒЗИ» техногендік шикізат пен қалдықтарды жол құрылысына пайдалану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Бұл технология құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындарды азайтып, автомобиль жолдарының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға, сондай-ақ көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту арқылы экологияға оң әсер етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Техногендік қалдықтарды кеңінен пайдалану мақсатында «ҚазжолҒЗИ» мамандары "ЕРГ Ресайклинг" ЖШС және "Qarmet" АҚ компанияларымен бірлесіп, асфальтобетонға арналған модификацияланған минералды ұнтақ өндіру технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. Негізгі шикізат ретінде ұшу күлін және түйіршіктелген шлакты қолдану көзделген. Мамандар техногендік қалдықтарды жол құрылысына енгізу – қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді шешімі ғана емес, сонымен қатар құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартудың жолы дейді.

«Зертханалық сынақтардың алғашқы кезеңінің нәтижелері модификацияланған минералды ұнтақтың дәстүрлі аналогтарынан артықшылығы дәлелденді. Сонымен қатар, қайта өңдеу технологиясының жаңа тәсілі екінші реттік ресурстарды пайдалану есебінен жол құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендетуге және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» ғылым басқармасының басшысы, т.ғ.к., Қайрат Мұхамбетқалиев.

Сарапшылар жобаның экономикалық тиімділігі оны кең ауқымда енгізуге перспективалы ететінін атап өтуде. Сынақтар сәтті аяқталғаннан кейін технология елдегі ірі жол құрылысы жобаларына ұсынылатын болады деп күтілуде.