Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанда жол құрылысына арналған экологиялық инновациялық шешімдер байқауы басталды

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты «Көлік инфрақұрылымының экологиялық аспектілері: декарбонизация және өндірістік қалдықтар» байқауын жариялайды. Бұл шара жол құрылысының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін жас ғалымдардың перспективалы әзірлемелерін анықтауға және қолдауға бағытталған. Байқау 2025 жылғы 11 сәуірде өткізіліп ғалымдар, бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл үшін маңызды алаңға айналады де күтілуде.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Бұл бастама келесі бағыттарды көздейді:

  • Көміртек ізін азайтуға және өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған инновациялық шешімдерді анықтау және қолдау;
  • Салалық мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған диалог алаңын құру;
  • Жаңа технологияларды нақты экономика секторына енгізуге ықпал ету.

Кімдер қатыса алады?

Байқауға жас ғалымдар (45 жасқа дейін), сондай-ақ ғылыми ұйымдар, университеттер және коммерциялық кәсіпорындардың зерттеушілер тобы шақырылады.

Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Оригиналдылығы және ғылыми негізділігі;
  • Жол құрылысына арналған өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге немесе көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға бағытталуы;
  • Жобалардың практикалық қолданылуы.

Жеңімпаздарға қандай мүмкіндіктер беріледі?

  • Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар;
  • Мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің қолдауы;
  • Салалық ғылыми журналдарда жариялау мүмкіндігі;
  • Саланың жетекші сарапшыларынан кеңес алу және менторлық қолдау;
  • Институттың кадрлық резервіне енгізу.

Қалай өтініш беруге болады?

  • Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 15 наурызға дейін ашық.
  • Толық ақпарат және тіркелу: qazjolgzi.kz.

Байланыс ақпараты

  • Телефон: 8 (7172) 72-98-19
  • E-mail: m.smagulova@qazjolgzi.kz (Смағұлова М.)

ҚазжолҒЗИ Қазақстандағы экологиялық қауіпсіз жол құрылысының дамуына үлес қосуға дайын барлық мамандарды байқауға қатысуға шақырады!