Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанда жол саласы мамандарының біліктілігін міндетті түрде арттыру енгізілді

Қазақстанда «Автомобиль жолдары туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Енді жол саласында жұмыс істейтін мамандар біліктілігін міндетті түрде арттырып отыруы тиіс.

Бұл бастама сала мамандарының кәсіби деңгейін көтеріп, жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға бағытталған.

Ашық деректерге сәйкес, еліміздің автожол саласында шамамен 200 мың адам жұмыс істейді. Олардың 30%-ын зейнет жасына таяған немесе зейнеткерлік жастағы мамандар құрайды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады – шамамен 2500 маман жетіспейді.

Мәселені күрделендіретін тағы бір жайт — көптеген жол жобалары шалғай аймақтарда іске асырылып жатыр. Ондай жерлерде көбінесе арнайы білімі мен тәжірибесі жоқ жергілікті тұрғындар жұмысқа алынады. Қазіргі таңда көптеген құрылыс алаңдарында инженерлер, зертхана мамандары, механизаторлар, арнайы техника жүргізушілері және басқа да мамандар жетіспейді.

Жаңа талаптарға сәйкес, енді сала қызметкерлері біліктілігін тұрақты түрде жаңартып отыруы керек. Бұл олардың білімін заманауи стандарттарға сәйкестендіріп, мамандардың жалпы кәсіби дайындығын арттыруға жол ашады. Сарапшылар бұл өзгерістердің жол саласын дамытуға оң әсер ететінін атап өтуде. Атап айтқанда, жаңа технологияларды енгізуге, жобалау мен құрылыс сапасын жақсартуға, сондай-ақ жолдарды күтіп ұстаудың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, өткен жылы Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламасы аясында мамандар даярлау ісін қайта жандандырған болатын. Алғаш рет болашақ жолшылар үшін 1000 мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Бұл — кадр тапшылығын жүйелі түрде шешуге бағытталған маңызды қадам.

2025 жылы бұл бастама жалғасын тауып отыр. Мемлекет «Көлік құрылысы» бағыты бойынша маман дайындауға қайта қаржы бөлді. Бұл ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қажетті инженерлік-техникалық кадрлар тапшылығын болашақта толықтыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «ҚазжолҒЗИ» кадрлық әлеуетті күшейту және мамандар сапасын арттыру мақсатында «Jolshy» атты бірыңғай біліктілік базасын әзірледі. Бұл жүйе жоғары оқу орындарының түлектерінен бастап, жолдарды жобалау, салу және пайдалану салаларында еңбек етіп жүрген барлық мамандар туралы мәліметтерді қамтиды.