Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанның жол саласының басты БАҚ ресурсы сала өкілдерін біріктіруге бағытталған

2024 жылдан бастап Қазақстанда «Jolshy – ҚазжолҒЗИ Жаршысы» атты жалғыз салалық журналды қайта шығару жұмыстары жанданды.

Журнал автожол саласындағы мамандар үшін маңызды ақпараттық алаңға айналды. Онда өзекті жаңалықтар, аналитикалық шолулар және сарапшылардың пікірлері жариялануда. Басылымда нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер, озық технологиялар, отандық және шетелдік ғалымдардың соңғы жаңалықтары, сондай-ақ жол құрылысы саласындағы маңызды жетістіктер кеңінен қамтылады. Қазіргі уақытта журналдың алғашқы төрт саны жарық көрді. Алдағы уақытта ол жылына төрт рет шығарылып отырады. Журнал баспа және электронды нұсқада қолжетімді болады. Сонымен қатар, өзекті ақпаратты кеңінен тарату мақсатында әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттық қолдау көрсетілуде.

Журналдың шығармашылық жетекшісі әрі жауапты шығарушысы – Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ). Өткен жылдың соңғы саны толықтай Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдық мерейтойына арналған «Болашақтың жолдары» Орталық Азия халықаралық конференциясына арналды.

«Біз Қазақстандағы жол саласының мамандары мен шетелдік әріптестеріміз арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға және жол саласының барлық қатысушыларын ақпараттандыруға ұмтылудамыз. Біздің аудиториямыз – жол құрылысы, жол ғылымы, дистрибуция және саланың басқа да мамандары болып табылады», – деп атап өтті ҚазжолҒЗИ вице-президенті Ерік Дихамбайұлы.

2025 жылы журналды Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (КОКСНВО) ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне енгізу жоспарлануда. Бұл қадам «ҚазжолҒЗИ Жаршысы» журналының мәртебесін арттыруға және оның ұлттық деңгейде дамуына маңызды үлес қосатын болады.