Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» қабырғасында М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің студенттері тәжірибелік сабақтарды сәтті аяқтады

🔸«ҚазжолҒЗИ» қабырғасында М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көпірлер, тоннельдер және метрополитендер» мен «Автомобиль жолдары және аэродромдар» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері дуальды оқыту аясында «Құрылыс материалдары» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды сәтті аяқтады.

📚Курс бағдарламасы жол құрылысына арналған материалдардың кең спектрін қамтыды. Атап айтқанда, битум және гидрооқшаулағыш материалдар, минералды ұнтақтар мен тас материалдар қарастырылды. Студенттер материалдардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеп, ҚР стандарттарына сәйкес пенетрация, пластикалылық, созылғыштық, температуралық әсерлерге төзімділік және битуммен адгезия сияқты зертханалық сынақ әдістерін меңгерді.

Оқу процесі шеңберінде битум зауыттарының жұмыс ерекшеліктері, полимерлі битум өндіру технологиясы және жол құрылысында қолданылатын битум маркалары да талқыланды. Сонымен қатар, студенттер минералдық компоненттерге зертханалық сынақтар жүргізіп, олардың түйіршік құрамын, тозуға төзімділігін, ұнтақталғыштығын және сыртқы әсерлерге төзімділігін анықтады.

✅Тәжірибе алуға бағытталған іс-шаралардың бірі ретінде студенттер Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың геологиялық музейіне барып, жол және өнеркәсіптік құрылыс саласында қолданылатын тау жыныстары мен минералдардың коллекциясымен танысты.

Сабақтардың Институт қабырғасында өтуі студенттердің теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игеруіне мүмкіндік беріп, жол саласының болашақ мамандарын сапалы даярлауға өз үлесін қосты.