Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» Алматы қалалық филиалында Алматы облысы әкімдігі мен мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

2025 жылғы 24 шілдеде «ҚазжолҒЗИ» Алматы қалалық филиалында Алматы облысы әкімдігі мен мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Институттың негізгі қызмет бағыттарымен танысып, 2024 жылғы Ұлттық стандарттау жоспары аясында әзірленген бірқатар мемлекеттік стандарттарға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде:

➡️ ҚР СТ 1225-2019 «Жол, әуежай асфальтбетон қоспалары және асфальтбетон. Техникалық шарттар»(өзгерістер енгізілді) — қалдық кеуектілікке қатысты талаптар түсіндіріліп, суға қанығу және тығыздалу коэффициентіне байланысты ережелер нақтыланды;

➡️ ҚР СТ 1218-2024 «Жол және әуежай құрылысына арналған органикалық тұтқыр негізіндегі материалдар. Сынау әдістері» — суға қанығу мен вакуум жағдайындағы қалдық қысымды есептеу тәсілдері талқыланды;

➡️ ҚР СТ 1284-2004 «Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан алынған қиыршықтас және ұсақ тас» (өзгерістер енгізілді) — стандарттың мемлекетаралық ГОСТ 32703 нормаларымен сәйкестігі мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, 2025 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспарына енгізілетін ұсыныстар да қарастырылды.