Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
ҚазжолҒЗИ көпірлерді жедел мониторингілеу үшін мобильді жүйелерді енгізуде

Отандық ғалымдар көпір құрылыстарының экспресс-мониторингінің бірегей мобильдік жүйелерін енгізе отырып, инженерлік бақылау саласында елеулі қадам жасады. Жаңа технология көпірлерді диагностикалаудың тиімділігін, сапасын және жылдамдығын арттыруда маңызды құрал болады.

«Қазіргі уақытта көпір құрылыстарын зерттеу далалық жұмыстарды да, деректерді камералдық өңдеуді де қамтиды. Бұл жиынтығында бір аптаға жуық уақытты алады. Алайда, мобильді мониторинг жүйелерін пайдалана отырып, бұл уақыт екі есеге қысқарады»,— деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Нұрлан Смаилов.

Экспресс-мониторинг жүйесі сызықтық қозғалыстарды, деформацияларды, дірілді үдетуді, акустикалық эмиссия белсенділігін, сондай-ақ көпір құрылыстарының түйіскен бөліктеріндегі қысымды өлшеуге қабілетті заманауи жоғары технологиялық датчиктер кешенімен жабдықталған.

«Жаңа технологияның ерекшелігі — өлшеу жұмыстары тіпті көпір арқылы көлік қозғалысы кезінде де жүргізілуі мүмкін. Бұл әсіресе маңызды, өйткені құрылымдық элементтердің көптеген ақаулары жүктеме кезінде ғана байқалады»,- дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ көпір құрылыстары басқармасының басшысы Қайсар Шалқар.

Мониторингтің мобильді жүйелерін енгізу ықтимал проблемаларды жедел анықтауға және оларды жою үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде көпір құрылыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады.

Мамандар экспресс-мониторинг жүйесінің көмегімен алатын деректер болашақта Институт әзірлеген көпірлерді пайдалануды басқару жүйесіне автоматты түрде тартылатын болады.

СУЭМ Қазақстанда бар көпір құрылыстарының 3D-модельдерін және әрбір объект бойынша деректердің кең жиынтығын сақтайтын болады. Атап айтқанда, соңғы зерттеу туралы мәліметтер, геодезиялық зерттеулердің нәтижелері, паспорттық деректер, жобалау-сметалық құжаттама, жүргізілген жөндеу бойынша атқарушылық құжаттама және т.б. кешенді тәсіл әрбір көпірдің жай-күйі мен пайдалану тарихын жан-жақты түсінуді қамтамасыз етеді.