Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
ҚазжолҒЗИ Маңғыстау облысында «Өңірлік дамудың басымдықтары» тақырыбында өткен форсайт-сессиясына қатысты

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы аясында «Өңірлік дамудың басымдықтары» атты форсайт сессиясы өтті.

🔗Сессия барысында ҚазжолҒЗИ мамандары QSmart желісіндегі отандық ғылыми әзірлемелердің сериясын таныстырды. Бұл әзірлемелер көлік инфрақұрылымының тиімділігі мен технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған. Әзірлемелер қатысушылардың қызығушылығын тудырып, ғылымның өңірді дамытудағы нақты қолданылу үлгілері ретінде көрсетілді.

Сессия жұмысына Маңғыстау облысы әкімдігінің, өнеркәсіп, ғылыми және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Сессия барысында көліктік логистиканы дамытуды ғылыми қамтамасыз ету, экология, денсаулық сақтау, цифрландыру салаларына жаңа перспективалық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.