Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» мен «Газпром мұнай» битум материалдарын зерттеу бойынша күш біріктірді

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты («ҚазжолҒЗИ») және «Газпром мұнай» битум өндірісінің операторы «Газпромнефть – Битумные материалы» компаниясы (Ресей) жол құрылысы саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Серіктестіктің негізгі мақсаты - автомобиль жолдарының сапасы мен төзімділігін арттыруға ықпал ететін бірлескен ғылыми зерттеулер, сынақтар жүргізу және инновациялық технологияларды енгізу.

Келісім аясында битум материалдарының қасиеттері мен қазақстандық климаттық жағдайлар мен көлік жүктемелеріндегі мінез-құлқын зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Тараптар ғылыми-зерттеу базасын дамытуға, сынақ әдістемелерін жетілдіруге және жол жамылғысының температура ауытқуларына және жоғары жүктемелерге төзімділігін арттыратын шешімдердің аясын кеңейтуге ниетті.

Серіктестің битум материалдарының ассортименті 300-ден астам атауды қамтиды және олар жолдар, көпірлер, тоннельдер мен өзге де инфрақұрылым нысандарын салуға қолданылады. «Газпром мұнай» компаниясының кейбір әзірлемелері қазірдің өзінде «Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасына» (rcmbase.qazjolgzi.kz) енгізілген. Еске салсақ, 2025 жылдан бастап бұл базаны пайдалану заңнамалық деңгейде бекітіліп, Қазақстандағы барлық жол жобаларын іске асыру кезінде міндетті болып табылады.

Осылайша, «ҚазжолҒЗИ» мен «Газпром мұнай» арасындағы келісім жол саласында ғылыми тәсілдерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналып, практикалық тәжірибе мен ғылыми ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді және елімізде заманауи технологияларды енгізуге ықпал етуі күтілуде.