Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Белгілі ғалым және өз кәсібінің нағыз маманы Красиков Олег Александровичті еске аламыз

Белгілі ғалым және өз кәсібінің нағыз маманы Красиков Олег Александровичті еске аламыз

76 жасында белгілі ғалым, жол құрылысы саласының маманы, техника ғылымдарының докторы, Ресей және Халықаралық көлік академияларының академигі Олег Александрович Красиков өмірден озды.

Олег Александрович өз өмірін жол саласы мен ғылымның дамуына арнады. 1976 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген соң, ол Қазақ филиалы «СоюздорНИИ»-де (қазіргі «ҚазжолҒЗИ») еңбек жолын бастап, 30 жыл ішінде инженерден институт директоры лауазымына дейін көтерілді. Оның басшылығымен жол жабындарының жай-күйін бағалауға арналған бірегей құралдар жасалып, ғылыми еңбектері Қазақстан жол саласын нормативтік қамтамасыз етудің негізіне айналды.

Өзінің жемісті ғылыми қызметі барысында Олег Александрович 250-ден астам ғылыми еңбектер жариялады, оның ішінде 41 нормативтік құжат пен 13 оқу құралы бар. Бұл еңбектер Қазақстанда және басқа да елдерде әлі күнге дейін пайдаланылып келеді.

Ол тек ғалым ғана емес, сонымен бірге жаңа буын мамандарын даярлауға зор үлес қосқан педагог болды.

«ҚазжолҒЗИ» ұжымы Олег Александровичтің туыстарына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтады. Оның еңбегі, білімі және жол саласы мен ғылымның дамуына қосқан үлесі болашақ ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Олег Александрович Красиковты мәңгілік еске аламыз.