Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Біржан Қанешев «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының бұйрығымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының («ҚазжолҒЗИ») президенті қызметіне Біржан Бисекенұлы Қанешев тағайындалды.

Біржан Бисекенұлы Қанешев Саратов политехникалық институтын мен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Сонымен қатар, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтынан іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1988 жылы көлік кәсіпорнында бастаған. Әр жылдары көлік және коммуникация, цифрландыру, халықаралық қатынастар салаларында мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарында және «Самұрық-Қазына» АҚ, «Kazakh Invest» АҚ Ұлттық компанияларында басшылық қызметтерде болған.

2025 жылдың 6 қазаннан бастап Біржан Қанешев ресми түрде «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті қызметіне тағайындалды.