Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Казақстандық ғалымдары жолдағы шаңмен күресуге арналған материалдар әзірледі

«ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жолдағы шаңды болдартпауға арналған инновациялық материалдардың жаңа топтамасын ұсынды.

QSmart Anti-Dust желісімен шыққан бұл материалдарға әртүрлі жол жағдайларына арналған бірнеше реагент түрлері кірді:

  • QSmart Anti-Dust – жасанды жабындар мен уақытша жолдар үшін әмбебап реагент. Ол қарқынды қозғалысы мен жоғары температура жағдайында да шаң түзілу деңгейін тиімді төмендетеді;
  • QSmart Anti-Dust Polymer – коррозияға қарсы қасиеттері бар полимерлі құрам. Оның ерекшелігі оны «жаңа бетонға» да қолдануға болады. Сонымен қатар реагент жол жабындысын ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етеді;
  • QSmart Anti-Dust Black Road –карьерлерге мен қоймалар алып баратын жолдар, уақытша жолдар сынды нысандардың шаңын басуға арналған қараю әсері бар бұл реагент, жол жабындарының сыртқы көрінісін жақсартып, шаң деңгейін азайтуға бағытталған.

Отандық ғалымдардың айтуынша, бұл материалдар қолдануға ыңғайлы, ұзақ уақыт бойы шаңды ұстап тұруға қабілетті және жолдарды күтіп ұстау шығындарын азайтады.

QSmart желісінің өнімдері PIARC (Халықаралық жол қауымдастығы) өткізген халықаралық семинарда таныстырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандардың қызығушылығын тудырды. Өз кезегінде Институт зертханалық зерттеулерден бастап құрылыс учаскелеріне дейінгі технологиялық қолдаудың толық циклін ұсынып, бұл шешімдерді нақты пайдалану жағдайларына жылдам бейімдеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі, экономикалық тиімділігі және экологиялық тазалығын арттыру жолында маңызды қадам болып, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасап қоршаған ортаға теріс әсерді азайтады деп күтілуде.