🛣 Ел дамуының күретамыры – жол!
Көлік министрлігінде қазанның соңғы жексенбі күні тойланатын Автожол саласы қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл мереке – ел жол жүйесін қалыптастыру мен дамытуға зор үлес қосқан сала майталмандары мен жас мамандардың еңбегіне деген құрметтің белгісі.
Салтанатты жиында «Құрметті жолшы» төсбелгісімен «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Нұрлан Смаилов марапатталды. Сонымен қатар, адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін Институттың қызметкерлері салалық марапаттар мен Құрмет грамоталарына ие болды.
«Жолдағы үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен:
- Копылов Виталий Станиславович – Жобалау басқармасының инженері
- Ашимова Салтанат Жандарбековна – Жол құрылыс материалдары мен жаңа технология бөлім басшысы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Құрмет грамоталарымен:
- Ысқақов Айбек Мұратбекұлы – Инвестициялық жобалар басқармасының инженері
- Күлжанова Сәуле Мақсұтқызы – Баға белгілеу және сметалық нормалар департаментінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Алғыс хатымен:
- Айнаева Адина Әділқызы – Сыртқы байланыс қызметінің басшысы
- Жанболатұлы Құрмет – Сыртқы байланыс қызметінің инженері
- Корганова Нәзира Амандыкқызы – Инвестициялық жобалар басқармасының аудармашысы
- Түлкенов Камал Дәуренұлы – Ғылым мен Инновацияны дамыту департаментінің жетекші инженері
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен:
- Фазылжанова Аяулым Жалеловна – Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету және автожолдардың қауіпсіздігі департаментінің бас маманы
- Нұрходжаева Мөлдір Маратқызы – Баға белгілеу және сметалық нормалар департаментінің бас маманы марапатталды.
Баршаңызды марапаттарымен құттықтаймыз және Қазақстанның жол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!