«ҚазжолҒЗИ» АҚ-да «Ресурстық әдісті қолдана отырып, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі баға белгілеу және сметалық іс» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курс бағдарламасы автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстаудың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстау кезіндегі баға белгілеудің негізгі талаптары мен шарттарын зерттеуді қамтыды.
📝Біліктілікті арттыру курстарынан «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» қызметкерлері өтті. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.