Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Сәтбаев университетінің студенттері ҚазжолҒЗИ-да өндірістік тәжірибеден өтуде

2025 жылғы 9–26 маусым аралығында Сәтбаев университетінің «Көлік құрылысы» мамандығының 3-курс студенттері Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында өндірістік тәжірибеден өтуде.

Тәжірибе еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан басталды. Студенттер жол саласына қатысты негізгі нормативтік құжаттармен, соның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарымен (СТ РК), құрылыс нормаларымен (ҚН РК) танысты.

Зертханалық сабақтар барысында тәжірибеден өтушілер жол-құрылыс материалдарының физика-механикалық қасиеттерін анықтаудың стандартты әдістемелерін меңгерді. Олар білікті мамандардың жетекшілігімен шағыл тас, битум, асфальтобетон және топыраққа жүргізілген сынақтарға қатысты.

Институттағы өндірістік тәжірибе студенттердің теориялық білімін бекітіп, кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

ҚазжолҒЗИ-да тәжірибеден өту үшін Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы арқылы тіркеліңіз: https://jolshy.qazjolgzi.kz/ru/