Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Ғылым мен өндіріс: Астанада Superpave технологиясы бойынша семинар өтті

Superpave технологиясын енгізу аясында Астанада «Полимер-битумды тұтқырғыштарды дайындау технологиясы және битумдарды PG картасы бойынша іріктеу» тақырыбында семинар өтті.

➡️Қазіргі заманғы жол құрылысы ғылым мен өндірістің өзара тиімді байланысын қажет етеді. Бұл, әсіресе, еліміздің халықаралық сапа стандарттарына көшу үдерісінде аса өзекті. Семинар барысында жетекші мамандар полимер-битумды тұтқырғыштарды (ПБТ) дайындаудың негізгі технологиялық ерекшеліктерін талқылады. Мұндай тұтқырғыштар ұзақ мерзімді әрі төзімді жол жамылғыларының негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.

Семинарға ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «КазБитумСервис» ЖШС, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандары, сондай-ақ мұнай өңдеу және жол-құрылыс салаларындағы жетекші отандық компаниялардың өкілдері қатысты.

🔎Семинардың маңызды бағыттарының бірі — қазақстандық битумның әлеуетін талқылау болды. Сарапшылар еліміздің мұнай өңдеу зауыттарының шикізаттық базасы мен технологиялық жабдықталуы полимерлі битумды халықаралық стандарттарға сай өндіруге толық мүмкіндік беретінін растады. Бұл отандық жол саласының дамуына тың серпін беріп, импортқа тәуелділікті азайтып, Қазақстанның халықаралық аренадағы орнына оң әсер етпек.

Семинар қорытындысы бойынша өткен панельдік пікірталаста кешенді тәсілдің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Ғылыми әзірлемелер мен өндірістік мүмкіндіктерді тиімді үйлестіру арқылы ғана Қазақстан жол инфрақұрылымын сапалы жаңғыртуға қол жеткізе алады.