«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» қызметкерлері «Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылу фактілері немесе ықтимал бұзылулары туралы хабарлау қағидаларын түсіндіру» тақырыбындағы оқыту семинарынан өтті.
Семинардың мақсаты – Институт қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мәдениетін қалыптастыру, өйткені әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады және ұйымның сыртқы имиджін қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.
️Семинар барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде туындауы мүмкін заңбұзушылықтар таныстырылып, олар бойынша қызметкерлер келесі хабарлау арналарына жүгіне алатыны түсіндірілді:
- Ішкі хабарлау: Комплаенс-офицерге, құрылымдық бөлім басшыларына немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға;
- Сенім телефоны: бұзушылықтар туралы хабарлау үшін Қоғамда жұмыс істейтін сенім желісі арқылы 72-98-32 телефонына қоңырау шалу;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органына жүгіну;
- 1424 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласу.
Сондай-ақ, қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау кезіндегі іс-әрекет қағидаларымен таныстырылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалған хабарлау немесе бұрмаланған ақпарат ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.