Биыл Қазақстанның автожол саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Маңызды жаңалықтардың қатарында Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын (rcmbase.qazjolgzi.kz) ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңына саланың міндетті құралы ретінде бекіту, көпір құрылыстарын мониторингтеу ережелерін енгізу, жобалаудың заманауи әдістеріне көшу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптардың күшейту қарастырылған.
Rcmbase.qazjolgzi.kz порталының заңнамада бекітілуі оған ресми мәртебе беріп, оны барлық жол саласы қатысушылары үшін міндетті етеді. Олардың қатарына мердігерлер, өнім берушілер, жобалаушылар, аккредиттелген зертханалар мен техникалық қадағалау қызметтері кіреді. Бұл қадам жолдарды жобалау, салу және оларды күтіп-ұстау сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Осы өзгерістерді түсіндіру және саланың қатысушыларына оларды тәжірибеде қолдануға көмектесу мақсатында «ҚазжолҒЗИ» тегін вебинарлар мен кеңестер ұйымдастыруда. Оларға мердігерлік ұйымдар, техникалық қадағалау қызметтері, жобалау ұйымдары, аккредиттелген зертханалар, өнім берушілер және бейінді жобалық институттар қатысады. Кездесулердің мақсаты rcmbase.qazjolgzi.kz порталын сапалы толықтыру және оңтайландыру, жаңартылған нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру, оларды қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және саланың барлық қатысушылары арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою.
Вебинарлардың қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстары мен пікірлері жиналады. Бұл материалдар кейін rcmbase.qazjolgzi.kz базасын және реформалардың өзге де бағыттарын жетілдіру кезінде ескеріледі.
«Біз кері байланысқа ашықпыз және барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа дайынбыз. Қолданысқа енгізіліп жатқан реформалар еліміздің автожол инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған нақты жұмыс құралына айналуы тиіс», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ».