Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жасыл жолдар үшін инновациялар: Астанада экологиялық жол құрылысына арналған үздік шешімдер анықталды

20 қараша күні «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Жол құрылысы саласындағы үздік инновациялық әзірлеме» байқауының қорытындылары жарияланды. Байқау жас ғалымдар мен тәжірибелі мамандарды біріктіріп, Қазақстандағы жолдарды салу мен жөндеудің экологиялық тиімді тәсілдеріне серпін беретін жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік берді.

Іс-шара «Көлік инфрақұрылымының экологиялық аспектілері: декарбонизация және өнеркәсіптік қалдықтар» тақырыбына арналды. Ұйымдастырушы — «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ). Қатысушылар қатарында ғалымдар, инженерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен жол-құрылыс ұйымдарының мамандары болды.

Байқау жол саласының болашағына арналған халықаралық пікірталастың маңызды бөлігіне айналды.

Ол «Жолдар және инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. Финалистердің жобалары ғылыми көзқарастардың алуан түрлілігін, сондай-ақ салада қайталама ресурстар мен қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы артқанын көрсетті. Қатысушылар өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану, екінші реттік шикізат енгізу және дәстүрлі материалдарды заманауи технологиялар арқылы жетілдіру жөніндегі шешімдерді ұсынды. Көптеген жобалар қатаң климат, температураның күрт ауытқуы және жоғары көлік жүктемесі жағдайында жол төсемдерінің беріктігі мен ұзақмерзімділігін арттыруға бағытталды.

Зерттеулердің едәуір бөлігі көміртегі ізін азайтуға, энергия тұтынуды төмендетуге, логистиканы оңтайландыруға және табиғи ресурстарға тәуелділікті қысқартуға арналды.

Қатысушылардың жұмыстары нақты әрі қатаң өлшемшарттар бойынша бағаланды: технологиялардың өзектілігі мен қолданбалық маңызы, экономикалық тиімділігі, іске асыруға дайындығы, тәжірибелік үлгілердің болуы және ғылыми негіздемесінің тереңдігі ескерілді.

Қазылар алқасының құрамына PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының Қазақстандағы ұлттық комитетінің төрағасы, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ғылым және жұмыс сапасы басқармасының басшысы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, PROGRESS KZ компаниясының сапаны басқару директоры және «ҚазжолҒЗИ» басшылығы кірді.

Комиссия әрбір жобаның жол инфрақұрылымының экологиялық тұрақтылығын арттыруға қаншалықты қабілетті екенін жан-жақты бағалады. Сондай-ақ инвестиция тарту мүмкіндіктері, маркетингтік шешімдер және жобаларды коммерцияландыру әлеуеті қарастырылды.

Ұсынылған идеялардың ортақ ерекшелігі – практикалық бағыттылық. Авторлар экологиялық шешімдердің экономикалық тиімді бола алатынын және ұсынылған технологияларды өндірістік үдерістерге бүгінгі күннен бастап енгізуге болатынын дәлелдеді. Бұл ғылыми қауымдастықтың жол саласын тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және ұзақмерзімді тиімділікке бағдарланған жаңа үлгіні қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.

Конкурс жеңімпаздары сертификаттар, ақшалай сыйлықтар және ең бастысы – өз әзірлемелерін салада тәжірибелік түрде енгізу мүмкіндігіне ие болды. Бірінші орынды Вячеслав Кунаев байытылған домна қожы негізге алған жоғары беріктігі бар ыстық және салқын асфальтобетон қоспаларын өндіру жобасымен иеленді. Екінші орын конвертерлік қожды пайдалана отырып, жер төсемінің топырағын тұрақты нығайтудың тиімді әдісін ұсынған Санг Ву Мун мен Нәзерке Сағидуллинаға бұйырды. Үшінші орын жол жамылғыларының сапасын арттыруда қайталама материалдардың әлеуетін ашатын, өнеркәсіптік қалдықтармен битумды модификациялау технологиясын әзірлеген Ержан Иманбаевқа тапсырылды.

Қатысушылар сондай-ақ жетекші сарапшылардың тәлімгерлігіне, жобаларды іске асыру бойынша консультациялық қолдауға және ғылыми журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау мүмкіндігіне ие болды. Жас зерттеушілер үшін бұл конкурс «ҚазжолҒЗИ» кадрлық резервіне қосылуға және кәсіби қауымдастықтың қолдауымен инновациялық бастамаларын жалғастыруға зор мүмкіндік ашты.