Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жол мамандарын оқытуға деген қызығушылық артып отыр

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бастап жол саласындағы мамандар арасында біліктілікті арттыру курстарына қызығушылықтың айтарлықтай өсуі байқалады. Тоғыз айдан кем уақыт ішінде 300-ге жуық мамандар ҚазжолҒЗИ-дің Құзыреттілікті дамыту орталығына жүгінді, былтыр бұл көрсеткішке тек жылдың соңына қарай жеткен болатын.

«Жолшылар соңғы әзірлемелерден хабардар болуы керек. Технология мен жаңалықтар бір орында тұрмайды, күн сайын жаңа шешімдер табылады, ал нормативтер халықаралық стандарттарға сәйкес өзектендіріледі. Сондықтан, біз жол сапасына қол жеткізгіміз келсе, мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыруымыз қажет. Салалық білімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұрын біздің курстар 25 бағытты қамтыса, қазір олардың саны 33-ке жетті. Сонымен қатар, біз тапсырыс берушілердің сұрау салуы бойынша курстар өткіземіз. Онлайн және офлайн сабақтардан тыс көшпелі бағдарламалар да қолжетімді»,- дейді «ҚазжолҒЗИ» Құзыреттілікті дамыту орталығының директоры Гүлжамал Омарова.

Жол саласындағы кадрлар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «ҚазжолҒЗИ» АҚ өткен жылы жол саласы мамандарының цифрлық банкін құрғанын атап өткен жөн.

Jolshy жолшылар базасында жол саласының барлық мамандары туралы ақпарат, соның ішінде мамандығы, жұмыс тәжірибесі және біліктілікті арттыру жөніндегі сертификаттардың болуы туралы ақпарат болады. Жұмыс берушілер үшін қажетті кадрларды іріктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі таңда базаны толтыру және оны басқа мемлекеттік жүйелермен ықпалдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. База жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.