Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа технологиялар «ҚазжолҒЗИ» мен RIKEN KOGYO Inc. арасындағы меморандумның өзегіне айналды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа технологиялар «ҚазжолҒЗИ» мен RIKEN KOGYO Inc. арасындағы меморандумның өзегіне айналды

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) мен жапондық RIKEN KOGYO Inc. компаниясы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында өтті. Бұл оқиға екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы саласында технологиялық әріптестікті дамытуға беріліп отырған басымдықты айқын көрсетеді.

Меморандум бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ жапондық инновациялық технологияларды Қазақстанның автомобиль жолдарында апробациялау және кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жол картасын әзірлеуді көздейді. Басым бағыттардың қатарында заманауи қар ұстайтын және желге төзімді қоршауларды қолдану, жабайы жануарларды анықтау жүйелерін енгізу, сондай-ақ қарлы борандарды мониторингтеу технологияларын пайдалану қарастырылған. Аталған шешімдер күрделі климаттық жағдайларда жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

RIKEN KOGYO Inc. – қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған инженерлік шешімдерді әзірлеу және өндіру саласындағы Жапонияның жетекші компанияларының бірі болып табылады. Компания 50 жылдан астам уақыт бойы климаты қатаң аймақтарда, соның ішінде Жапонияның автомомсбиль жолдарында кеңінен қолданылып келе жатқан технологияларды жасап, енгізіп келеді.

Қол қойылған келісімдерді іске асыру аясында «ҚазжолҒЗИ» базасында RIKEN KOGYO Inc. және Tokyo Rockbox Almaty компанияларының өкілдері қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында өзара іс-қимылдың практикалық тетіктері, жапондық шешімдерді Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімдеу мәселелері, сондай-ақ оларды пилоттық негізде енгізу перспективалары талқыланды.

Аталған ынтымақтастық озық ғылыми-техникалық шешімдермен алмасуға, сондай-ақ Қазақстанның автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тұрақты әрі тиімді тәсілдерді қалыптастыруға негіз қалайды.