Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жол сапасына жаңа стандарттарды енгізу және кадр мәселесін шешу: Президент Жолдауы қалай жүзеге асып жатыр

📌 Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда жол саласын цифрландыру, озық халықаралық стандарттарды енгізу және басқарудың зияткерлік жүйелерін құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

💬«ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаеваның мәліметінше, жол төсемінің сапасы мен беріктігін арттыру мақсатында құрылыс және қадағалау жұмыстарына жаңа тәсілдер енгізілуде. Әлемнің 120-дан астам елінде сәтті қолданылатын «Superpave» технологиясы бойынша алты стандарт әзірленген.

📑 Мұнымен қатар, нарықтың барлық қатысушылары үшін тек дәлелденген компоненттерді пайдалануға кепілдік беретін Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын пайдалану міндетті болады.

«Жол үдерісіне қатысушылардың барлығы карьерлер мен асфальтбетон зауыттарынан тек тексерілген материалдарды алуы тиіс. Бұл базада барлық материалдардың өзіндік зертханалық көрсеткіштері, қандай табиғи-климаттық және геологиялық жағдайларда қолдану керектігі туралы ұсынымдар бар»,- деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева.

💻 Цифрландыру саласындағы негізгі жоба – жол саласындағы барлық цифрлық әзірлемелерді біріктіретін «E-Joldar» зияткерлік платформасын құру. Сонымен қатар жол бойындағы өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған «Zero Vision» қағидатына негізделген қауіпсіздік стратегиясы әзірленуде. Мемлекет басшысының кадр тапшылығы мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылуда. Ол үшін Jolshy бірыңғай біліктілік базасы құрылды.

«Бүгінгі таңда саладағы кадрларға жыл сайын 2 мыңға жуық қажеттілік туындап отыр. 800-ге жуық грант бөлінді, бүгінде олардың 600-ін студенттер иеленді. Бұл жол саласына жас кадрлардың келуіне ықпал етеді», - деді «ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті.