Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«Жолдар және инновациялар» халықаралық конференциясы: 20 елдің сарапшылары жол саласының стратегиялық даму бағыттарын талқылады

19 қарашада Астанада «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады.

Конференция биылғы жылы саланың ең үлкен кәсіби оқиғаларының бірі ретінде жол саласының жетекші ғалымдарын, инженерлерін, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірген маңызды кәсіби алаңға айналды.

Конференцияны ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) ұйымдастырды. Министрлік тапсырмасына сәйкес, «ҚазжолҒЗИ» автожол саласына жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Институт әлемдік тәжірибені зерттеп, негізгі инновацияларды талдап, оларды отандық жағдайға бейімдеудің мүмкіндіктерін бағалауда. Параллельді түрде еліміздегі жол ғалымдары өздерінің әзірлемелерін жүргізіп келеді.

«Бүгін біз автожол саласының дамуына арналған бөлек бағдарламаны қалыптастырып отырмыз, онда біз көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және құрылыс саласында ең жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп конференцияда ҚР КМ Вице-министр Мәқсат Қалиақпаров өз сөзінде атап өтті.

Конференцияға АҚШ, Түркия, Ресей, Италия және Еуропалық одақ елдерімен қатар барлығы 20-ға жуық мемлекеттің салалық сарапшылары қатысты. Қатысушылар жол саласының құрылыс және күтіп-ұстау саласындағы жаңа әзірлемелер мен әдістерді таныстырды.

Отандық және шетелдік қатысушылар жол секторын дамытудағы басты мәселелерді талқылады. Конференцияда басты назарда қауіпсіз жолдар, стандарттау мен сапа бақылауы, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, саланың цифрландыруы, сондай-ақ жолдарды қысқы уақытта күтіп-ұстау сияқты саланың дамуындағы маңызды бағыттар болды. Бұл мәселелер әсіресе қатал климаттық жағдайлары бар елдер үшін аса өзекті.

Конференция ғылыми шешімдер мен өндірістік тәжірибелерді біріктіріп, жол саласының ең өткір мәселелерін шешудің ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. «ҚазжолҒЗИ» өкілдері отандық әзірлемелердің бүгінгі таңда сала трансформациясының маңызды бөлігіне айналып, тәжірибеде нақты нәтижелер көрсетіп жатқанын атап өтті.

«ҚазжолҒЗИ» әзірлейтін материалдар мен технологиялар қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануға енгізілуде. Алынған нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайда растап отыр», – дейді «ҚазжолҒЗИ» ғылымды және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Адия Жұмағұлова.

«Қазірдің өзінде қазақстандық жол ғылыми зерттеулері, жолдарды күтіп ұстау мен жаңа объектілер құрылысында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті шешімдер ұсынып отыр. Конференцияда біз «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары әзірлеген бірқатар отандық қоспалар мен материалдарды таныстырдық. Біз бұл технологияларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз және алғашқы нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайларда көрсетіп отыр», – деп «ҚазжолҒЗИ» ғылымды және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Адия Жұмағұлова атап өтті.

Қазақстандық әзірлемелер қатарында ғалымдар көктайғаққа қарсы материалдар, топырақ тұрақтандырғыштар және жол жамылғыларының төзімділігін арттыруға бағытталған инновациялық қоспаларды ерекше атап өтті. Бұл шешімдер жол активтерінің қызмет ету мерзімін ұзартып, пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Технологияларды жергіліктендіру Қазақстанның салалық тәуелсіздігін күшейтіп, халықаралық нарыққа отандық өнімдерді шығаруға жағдай жасайды.

Конференциямен қатар ХХІ Халықаралық «Kaztraffic-2025» көрмесі өтті. Көрме арнайы техника, жол-құрылыс материалдары мен инженерлік шешімдер өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырылып, 20 елдің компаниялары өз өнімдері мен технологияларын ұсынды.

Көрме қатысушыларға әртүрлі мемлекеттерде қолданылып жатқан құрал-жабдықтар, материалдар және инновациялық тәсілдермен танысуға кең мүмкіндік берді. Бұл конференцияда талқыланған ғылыми-тәжірибелік идеялармен тығыз байланысты қосымша алаң болды. «Жолдар және инновациялар» халықаралық конференциясы жол саласының кәсіби қауымдастығы үшін маңызды стратегиялық пікірталас алаңына айналды. Шара Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытудағы басым бағыттарды айқындап, салааралық және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етті.