Жолдарды қысқы күтіп ұстау мәселелеріне арналған PIARC халықаралық семинарында «ҚазжолҒЗИ» мамандары «Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың Бірыңғай базасын» таныстырды.
Біріңғай база — бұл жолдарды салу мен жөндеуге қажетті ақпаратты бір жерде жинайтын цифрлық платформа. Базада карьерлер, асфальтбетон зауыттары, жол техникасы мен құрылыс материалдары туралы мәліметтерді табуға болады.