Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жолшы мамандарды даярлау үшін 750 білім беру гранты бөлінді

2025 жылы жолшыларды даярлау үшін мемлекет тарапынан «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын оқуға 750 білім беру гранты бөлінді. Бүгінде «Көлік құрылысы» бағыты бойынша грантпен алты жоғары оқу орнына түсуге болады.

Олардың қатарында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті және С.Торайғыров атындағы Павлодар университеті бар.

Аталған мамандықты таңдаған талапкерлер сұранысқа ие кәсіпті меңгеруге, заманауи инженерлік дағдыларды игеруге және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде былтырдан бастап елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бағдарлама қайта жанданды.