Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
ЖОЛШЫ МАМАНДАРЫ БІЛІКТІЛІГІН ЖИІ ЖЕТІЛДІРУДЕ

Қазақстанда автожол саласы мамандарының біліктілікті арттыру курстарына деген қызығушылығы тұрақты түрде өсіп келеді.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана «ҚазжолҒЗИ» базасында 257 адам оқудан өткен. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда өсім аса үлкен болмаса да, тұрақты болып тұр. Бұл сала мамандары ішінде сапалы қайта даярлау курстарына деген сұранысы сақталып отырғанын білдіреді.

Климаттың өзгеруі, жаңа әрі инновациялық технологиялардың енгізілуі, стандарттардың жаңартылуы - мұның бәрі жол саласы қызметкерлерінен білімдерін жүйелі түрде жаңартып отыруды талап етеді. Оқуға деген сұраныс нақты құрылыс нысандарында жаңа міндеттерге тап болатын мердігерлік ұйымдар тарапынан да, инженерлер тарапынан да қалыптасып отыр. Қазіргі таңда біліктілікті арттыру кадрлық саясаттың бір бөлігіне айналып, әсіресе ірі құрылыс компаниялары үшін маңызды құрал бола бастады.

«ҚазжолҒЗИ»-дың Құзыреттілікті дамыту орталығы әзірлеген бағдарламалар тәжірибеге бағытталған, теориялық бөлімнен кейін қатысушылар зертханалық сабақтарға көшіп нақты материалдармен жұмыс істеп, ақауларды анықтауды, сапаны бақылауды үйрене алады. Оқудың қорытынды кезеңі жол нысандарына шығу болып табылады. Мұнда тыңдаушылар технологиялардың нақты жағдайларда, нақты тәуекелдермен қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алады.

«Бізге жол саласында жұмыс жасайтын, белгілі бір тәжірибесі бар мамандар келеді. Олар өз қолымен сынақ жасап көріп, кейін құрылыс нысанына барып, осының бәрі қалай жүзеге асатынын көргенде, алған білімді тәжірибеде қолдану мүлде басқа деңгейге көтерілетінін айтады. Мұндай курстар кезінде тек “қалай” емес, “неге” екенін де түсіне бастайсың», — дейді ҚазжолҒЗИ мамандары.

Қазір «ҚазжолҒЗИ» орталығындағы курстардың жалпы саны 35-тен асады. Бағдарламалар тақырыбы сапаны бақылау мен сметалық істен бастап көпірлерді зерттеу және жол қауіпсіздігіне дейінгі барлық бағыттарды қамтиды. Оқыту Институт қабырғасында, онлайн және көшпелі форматтарда өткізіледі. Көшпелі оқыту барысында тренерлер өңірлерге арнайы сұраныс бойынша барып құрылыс учаскелерінде оқыту процесін жүргізе алады.

2024 жылы «ҚазжолҒЗИ» базасында шамамен 600 маман оқудан өтті. Қазіргі қарқын сақталса, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін тағы да артуы мүмкін. Инфрақұрылым жаппай жаңартылып жатқан және сапа талаптары күшейтілген жағдайда, мұндай кәсіби дайындық форматы жай ғана формалдылық емес, бүкіл саланың тұрақты дамуы үшін қажетті элементке айналып отыр.

Айта кетейік, осы айда Қазақстанда «Автомобиль жолдары туралы» заңға өзгерістер күшіне енді. Енді жол саласындағы барлық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру міндетті болып табылады. Бұл талаптар сала мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға, кадр тапшылығын жоюға және еліміздегі жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға бағытталған.