Қазақстанда «Cуперасфальт» технологиясы енгізіледі

Елде «суперасфальт» технологиясы енгізіледі. Бұл жол салуға және оларды күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады. Әзірге жаңа әдіс пысықталып, жаңа стандарттарға көшу туралы шешім қабылданып жатыр. Сонымен қатар, көлік министрлігінің бастамасымен 2030 жылға дейінгі арнайы жол картасы әзірленген. Суперасфальт технологиясының негізгі ерекшелігі – жол салынатын жердің ерекшелігі ескеріледі. Яғни, ел аумағындағы климаттық жағдайлар, сондай-ақ көлік жүктемелері мен қозғалыс қарқыны толық сарапталады. Бүгінде бұл әдіс АҚШ бастаған әлемнің 120 дай елінде табысты қолданылып келеді.