Мемлекет басшысының отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру туралы тапсырмасын орындау, сондай-ақ жол саласындағы зерттеулердің басым бағыттары мен негізгі сын-қатерлерді айқындау мақсатында Алматыда «Жол құрылысы: ғылым және бизнес (Ғылымнан өндіріске)» атты форум өткізіледі.
Форум аясында отандық ғалымдар өздерінің коммерцияландыруға дайын технологиялары мен материалдарын әлеуетті инвесторлар мен салалық органдарға ұсыну, сондай-ақ әзірлемелерін одан әрі коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестицияларды тарту мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушы: «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қолдауымен.
Өткізілетін уақыты: 2024 жылғы 6 қыркүйек, 09:00
Өткізілетін орны: «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ
Журналисттерді акредиттеу үшін төмендегі телефон арқылы хабарласыңыз: 8 778 673 78 03 (WhatsApp)
«ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз-хатшысы
Адина Айнаева