Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанның жол-құрылыс техникасы паркінде қанша жаңа және әлі «жас» машиналар бар?

Мұны Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында анықтайтын болады

Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар базасында заманауи машиналар мен механизмдер тізілімінің іске қосылды. Цифрлық каталогқа бүгінде қазақстандық ұйымдар пайдаланатын жол құрылысына арналған жаңа және инновациялық машиналар мен механизмдер енгізіледі.

«Заманауи техника мен жабдықтарды енгізу – жолдардың сапасын жақсарту жөніндегі міндеттің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Сондықтан біз елімізде бар жол-құрылыс техникасының паркі: катоктар, төсеуіштер, бетон төсеуіштер және 2000 жылдан бастап шығарылған басқа да машиналар туралы толық ақпарат жинауға ниеттіміз», - деп түсіндірді ҚазжолҒЗИ Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар департаментінің директоры Мейрамгүл Қабдыгалиева.

Жиналған ақпарат технологиялық карталардың, сметалық нормалардың, сондай-ақ жолдарды жөндеу мен салуға арналған классикалық және жаңа технологиялар бойынша регламенттердің өзектілігін сараптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа тізілім негізінде автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстаудың сметалық құнын айқындау үшін арнайы жинақтардағы бағаларды уақтылы өзектендіруге болады.

АНЫҚТАМА

Жаңа бөлім Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасының бесінші тізілімі болмақ. Rcmbase.kz базасында жаңа технологиялардың, асфальтбетон зауыттарының, аккредиттелген зертханалардың және жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық құралдарының тізілімдері бар.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде асфальтбетон зауыттарының, құм және тас карьерлерінің ГАЖ картасы бар, ол құрылысшылар мен жобалаушыларға ең қолайлы өнім сапасы бар құрылыс материалдарын өндірушінің жұмыс орнына жақын жерде тез және делдалсыз табуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай база жол құрылысында, атап айтқанда, жол салу және жөндеу үшін құрылыс материалдарын іріктеу бағытында ашықтық деңгейін арттыру мақсатында құрылған.