«ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 60 жылдан астам тарихында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің маңызды нәтижелері бар, олардың ішінде: көлік және жол нысандарын жобалау, салу; жаңа инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу және енгізу; заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді, заңнамалық актілерді әзірлеу; салалық нормативтік-құқықтық актілерді-техникалық базаны жетілдіру; ғылыми еңбектерді рейтингтік басылымдарда жариялау және ғылыми жаңалықтар, кәсіби қызмет саласындағы мамандармен көпжылдық халықаралық ынтымақтастық, бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламалар және тағы басқалар.
Мамандардың жоғары біліктілігінің және ұлттық, халықаралық және шетел стандарттары бойынша материалдарды сынауға арналған заманауи жабдықтардың болуының арқасында келесі жұмыстар жүзеге асырылды:
- «Астана – Щучинск» және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолдарының телімдерінде асфальтбетондардың жаңа құрамдарын енгізу;
- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасында материалдар мен жұмыстарға тәуелсіз сараптама;
- қолданылатын жол битумдары мен цементтерінің сапасына бақылау жүргізу; жөндеу мен салудың инновациялық технологияларын енгізу бойынша жобаларды сүйемелдеу (жамылғының жоғарғы қабатында полимерасфальтбетондарды, жұқа тозық қабаттарын қолдану, цементбетон жамылғыларының деформациялық жіктерін ыстық мастикалармен жөндеу, асфальтбетон жамылғыларын арнайы сіңдіргіш құрамдармен өңдеу, жылы асфальтбетон қоспаларын, топырақ тұрақтандырғыштарын және геосинтетикалық материалдар және т.б.);
- «Астана-Щучинск» бірінші автомагистралін қайта салу кезінде ғылыми-техникалық сүйемелдеу және төлем жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы мен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
- республиканың автомобиль жолдары желісіндегі көлік құралдарының салмақтық параметрлерін бақылау және т.б.
Көпжылдық кешенді (зертханалық, натуралық және теориялық) ғылыми зерттеулердің нәтижесінде автомобиль жолдары саласында алғаш рет 3 ғылыми жаңалық ашылды:
1) «Төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетонды жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы» (Диплом № 495, 2016);
2) «Асфальтбетон жамылғысының сатылық тозып бұзылу заңдылығы (Телтаев қағидасы) (Диплом № 501, 2017);
3) «Наноқұрылымды битумның пайда болу құбылысы» (Диплом № 516, 2019 г.).
2018 жылы әлемдегі ең ірі және беделді ғылыми баспалардың бірі болып табылатын Springer Nature сараптама жүргізіп, «Viscoelastic Properties ofAsphalts Based onPenetrationandSoftening Point» («Битумның тұтқыр серпімді сипаттамалары және оларды стандартты көрсеткіштер бойынша бағалау») монографиясын шығарды, оның авторлары Радовский Б.С. және Телтаев Б.Б. Бұл кітап ғалымдар арасында үлкен сұранысқа ие.
Қазақстанда алғаш рет «ҚазжолҒЗИ» АҚ тарапынан еліміздің барлық күрделі климаттық жағдайларын қамту мақсатында республиканың 28 географиялық нүктесінде жол құрылымдарының су-жылу режимін үздіксіз бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ бірқатар наноматериалдарды алудың жаңа тиімді технологияларын әзірледі, отандық көміртекті наноұнтақ, нанобитумдар мен наноасфальтбетондар алынды, олар өндірісте сәтті апробацияланды – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында автомобиль жолдарының телімдері салынды. Осы бағыт шеңберінде алынған нәтижелер халықаралық симпозиумдарда баяндалады және рейтингтік журналдарда жарияланады.
МАРАПАТТАР:
Сала көшбасшысы Ұлттық сертификаты - 2014, Сала көшбасшысы - 2015 Ұлттық бизнес–рейтингтердің халықаралық рейтингтік агенттігі тарапынан берілген: 2012-2013 ж.ж. және 2013-2014 ж.ж. рейтинг нәтижелері бойынша институт Қазақстан Республикасында Алтын рейтингті иеленді.
ҚР және ТМД қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық қызметіндегі, жобалаудағы үздік жетістіктері үшін және ҚазжолҒЗИ-ның 55 жылдығына орай Халықаралық Көлік Академиясының Дипломымен марапатталды (2014).
«ҚазжолҒЗИ»" АҚ «Арнайы қоспаларды қолдана отырып, «жылы асфальтбетонды» зерттеу, тәжірибелік қолдануды ғылыми-техникалық сүйемелдеу, енгізудің орындылығын бағалай отырып кейіннен оны бақылау» тақырыбындағы жобасы «Экологиялық әзірлемелер, ресурс үнемдеу және қалдықсыз технологиялар» номинациясы бойынша Эко World халықаралық экологиялық сыйлығының конкурсының лауреаты атанды, Мәскеу қ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті жолшы» (Почетный дорожник) төсбелгісімен институттың бірқатар қызметкерлері марапатталды. Институттың 2 қызметкері «ТМД құрметті жолшысы» атағына ие болды.
Өзінің кәсіби қызметінің айрықша нәтижелері үшін институт қызметкерлері әр жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Автомобиль жолдары комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» құрылысына қатысушы», «Жол ғылымына қосқан үлесі үшін» естелік медалдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, институт қызметкерлері халықаралық марапаттарға ие:
«В.И. Вернадский Алтын медалі» (Мәскеу қ.), «ECO World» халықаралық экологиялық сыйлығының II дәрежелі лауреаттарының дипломдары, «Халықаралық көлік академиясының» дипломдары, П.П. Мельников атындағы медальдар, Жолшылардың Үкіметаралық Кеңесінің Құрмет грамоталары және т.б.