Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
scroll down
ИНСТИТУТТЫҢ МИССИЯСЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ

ИНСТИТУТТЫҢ МИССИЯСЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ

БІЗ ТУРАЛЫ

Жол ғылымында 65 жыл!

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты - 1959 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан республикадағы жалғыз жол саласындағы ғылыми институты. Ол Қазақстанның ерекше табиғи-климаттық жағдайларында автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану ерекшеліктерімен байланысты жол саласының мәселелерін шешу үшін құрылған.

Бүгінгі таңда институт автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын диагностикалау, жол-құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапасын бағалау үшін қажетті құралдармен толық жабдықталған және жол саласы қызметін ғылыми-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Институт ғылым және білім Министрлігімен сертификатталған. Оның сынақ зертханасы техникалық құзыреттілікке арналған мемлекеттік стандартпен аккредиттелген.

ҚазжолҒЗИ-да жетекші ғалымдар мен автожол саласының жоғары білікті кадрларының негізгі әлеуеті шоғырланған, бұл жоғары деңгейде инженерлік міндеттердің кең спектрін шешуге мүмкіндік береді. Институтта 123 адам тұрақты жұмыс істейді, оның ішінде 3 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы және 20 ғылым магистрі бар.

Институт салалық нормативтік-техникалық базаны реформалау және өзектендіру, сонымен қатар қазіргі заман талаптарына сай келетін жаңа стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл стандарттарда автомобиль жолдарын жобалау, салу және күтіп ұстау кезінде жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар, цифрлық өнімдер мен инновациялық тетіктер қолданылатын болады.

Осы мақсатта біздің "ҚазжолҒЗИ" ғалымдары АҚШ, Еуропа, Қытай, Канада және басқа елдердің жетекші әлемдік ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізуде. Осы бағытта Web of Science/Scopus сияқты халықаралық ғылыми журналдарда жарияланып, нормативтік базаны әзірлеу, саланы цифрландырумен және инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытумен айналысады.

Институт жол-құрылыс материалдарының сапасын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз өнімдерін әзірлеумен айналысады, сондай-ақ автожол саласын цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Институт қазірдің өзінде 6 жаңа цифрлық бағдарламалық өнім әзірледі. Олар:

  • СУДС -көше-жол желісін басқару жүйесі
  • СУЭМ - көпірлерді қолдануды басқару жүйесі
  • RCMBase -жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы
  • Jolshy - автожол саласы қызметкерлерінің біліктілік базасы
  • Jollab - зерттеу зертханаларына арналған ақпараттық жүйе
  • Баға мониторингі - баға жинақтарын қалыптастыруға арналған қолданбалы бағдарламалық шешім


"ҚазжолҒЗИ" АҚ-да автожол саласы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілуде. Біліктілікті арттыру орталығының (2006 – 2023 жж.) бүкіл жұмыс кезеңінде "ҚазжолҒЗИ" АҚ-да автожол саласының 1747 қызметкерінің, оның ішінде 1219 инженерлік-техникалық қызметкердің және 528 зертханашының біліктілігін арттыру жүзеге асырылды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері өнертабыстарға арналған патенттер түрінде іс жүзінде енгізіледі. 10 жыл ішінде (2012-2023 жж.) "ҚазжолҒЗИ" АҚ өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 19 патент иеленді, оның 4 –і - халықаралық және 4 –і авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға арналған.

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін институтты Алибаева Арман Халилоллқызы басқарады.