Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Тауарларды унификациялау және ғылыми тәсілдер: ғалымдар бизнесті жетілдіруге шақырады

Бүгінде автожол саласы нарығында тауарлардың шамадан тыс көп болуы байқалады, бұл олардың сапасына әрдайым оң әсер ете бермейді.

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) отандық өндірушілермен ынтымақтастық орнатуды, сонымен қатар тиімді унификацияланған өнімдерді қолдануды ұсынады.

"Барлық өнім берушілер өз тауарын әмбебап деп көрсетеді. Олар бізді бұл өнімнің АҚШ немесе Еуропадағы жол құрылыстарында өзін жақсы танытқандығына сендіруге тырысады. Алайда бұл қоспалардың жергілікті жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін дәлелдейтін нақты зерттеулер жоқ", – деп атап өтті ҚазжолҒЗИ-дың жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Мейрамгүл Қабдығали.

Жергілікті ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор. Қазақстанның әр аймағындағы топырақ түрлері бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан бірдей негізді тұрақтандыру материалы, мысалы, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында бірдей нәтиже бере алмайды. Бұған қоса, еліміздегі температуралық айырмашылық 104 градусқа дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты әрбір өнімді қолдану кезінде нақты мәселені шешуге бағытталған сараланған тәсіл қажет.

ҚазжолҒЗИ мамандары отандық өнім берушілерге жұмыс әдістерін қайта қарастырып, тек жедел пайдаға емес, ғылыми тәсілдерге негізделген тұрақты дамуға назар аударуға кеңес береді.

"Қазір жолшыларға ұсынылып отырған өнім жай ғана тауар болмауы керек. Қазіргі таңда кез келген адам өнімді жасап, ұсына алады. Алайда оған бірегейлік, құндылық қосып, оны брендке айналдыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Егер сізде ұсыныс болса, оны жай ғана тауар ретінде емес, нақты шешім ретінде ұсыныңыз. Климаттық ерекшеліктерді, материал түрін және шешілуі тиіс мәселені ескеріңіз",– деп атап өтті Мейрамгүл Қабдығали.

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық өндірушілер белгілі бір топырақ түрін тұрақтандыруға арналған материал өндіруге мамандану керек. Бұл ретте өнімнің шешетін мәселесін, қолдану шарттарын және күтілетін трафик жағдайында жұмсалатын шығындарын нақты көрсету маңызды.

Өз кезегінде, отандық жол ғылымы өндірушілерге қажетті қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, ҚазжолҒЗИ әртүрлі материалдар бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісіп, өз зертханаларын ұсынуға әзір.