Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Семинар

«Инновациялар мен кадрлар: Батыс Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары»

Атырауда «Инновациялар және кадрлар: Батыс Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушысы «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ АҚ). Семинарға Батыс Қазақстанның төрт облысынан келген мамандар мен жолшы мамандығына қызығушылық танытқан 500-ден астам оқушы жинады.

Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев сөз сөйлеп, елдің көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуға және жаңа технологиялар мен IT шешімдерін енгізу арқылы көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға баса назар аударылып жатқанын атап өтті.

Семинар барысында Атырау мен Орал қалаларында өндірілетін жол құрылысына арналған отандық технологиялар мен материалдар таныстырылды. Ерекше назар отандық өндірушілердің өңір ерекшеліктеріне сәйкес жол жамылғысының сапасын жақсартуға бағытталған жетістіктері мен инновацияларына аударылды.

Семинарда «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғалымдары әзірлеген жаңа материалдарды, соның ішінде құм мен құмды-шағыл тасты қоспасына арналған катализаторлар таныстырылды. Атылмыш материалдар жол жамылғысының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін едәуір арттырады деп күтілуде. Өз кезегінде, бұл температурасы +45-тен -45 градусқа дейін өзгеретін экстремалды климаттық жағдайларға ие батыс аймақтар үшін аса маңызды. Сонымен қатар, инертті материалдардың тапшылығы, топырақтың тұрақсыздығы, аймақтағы мамандандырылған оқу орындарының болмауы мен Батыс Қазақстанның ерекше географиялық жағдайы да ескерілді.

Семинарда жол құрылысы мамандығын насихаттауға да ерекше көңіл бөлінді. Оқушыларға заманауи жол құрылысы тек физикалық еңбекті ғана емес, сонымен қатар IT-технологияларды қолдану, жобалау, диагностика, көпірлерді тексеру және ғылыми зерттеулер сынды көптеген аспектілерді қамтитыны көрсетілді.