Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
2024 жылы автожолдардың тәжірибелік учаскелерінде жаңа 12 технология мен жол-құрылыс материалдары сынақтан өткізіледі

Жол-құрылыс саласын дамыту шеңберінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ пилоттық режимде жол-құрылыс материалдары мен инновациялық технологиялардың бірыңғай базасын іске қосты. Оның мақсаты – автожолдардың сапасын жақсарту және жол-құрылыс саласындағы ашықтықты одан әрі арттыру, отандық өндіріс пен ғылымды қолдау, сондай-ақ технологиялар мен материалдардың бұрмалануын болдырмау әрі лоббизмнің алдын алу.

Қазіргі уақытта базаға 112 өнім атауы енгізілді. Оның 37-сі «жасыл мәртебе» (зертханалық және мониторингтік бақылаудан өтті), 23-і «сары мәртебе» (зертханалық сынақтардан кейін тәжірибелік учаскелерге кіру), ал 52-сі «сұр мәртебеге» ие болды. Бұл өз кезегінде бастапқы зертханалық сынақтардан өтуді болжайды. Деректерді жүйелеу автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыратын ең тиімді шешімдерді анықтауға және пайдалануға көмектеседі.

Тәжірибелік учаскелерде биыл бірқатар бірегей отандық әзірлемелерді сынақтан өткізу басталды. Атап айтқанда, ҚазжолҒЗИ ғалымдарының соңғы әзірлемелері: деформацияға жабындардың тұрақтылығын арттыратын Qsmart-PM битум және асфальтбетон модификаторы (Қапшағай-Құрты трассасының учаскесінде сынақтан өткізілуде), -25°С дейін тұрақты және экологиялық тұрғыда таза QSmart-AntiGlaze көктайғаққа қарсы реагенті («Астананы айналып өту» автожолының учаскесінде сынақтан өткізіліп жатыр) және ауа-райына төзімді әрі ұзақ қызмет етуге арналған жол таңбалауға арналған арнайы бояу QSmart-RoadPaint («Алматы-Бішкек» трассасындағы тәжірибелік учаске). Сондай-ақ Қазақстанда QELAST модификаторы, «АльфаДоб» адгезиялық қоспасы, сонымен бірге топыраққа арналған түрлі қоспалар, Go Green суық асфальты мен герметик сынақтан өткізілуде.

Аталған технологиялардың әрқайсысы олардың тиімділігін толық бағалау үшін екі жыл ішінде міндетті ғылыми-техникалық сүйемелдеуден өтеді.

Бірыңғай базаны құру және толтыру жөніндегі жұмыстар жолдарды жөндеу және салу шығындарын қысқартуға, олардың беріктігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға әсерін азайтуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.