Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
2024 жылы Қазақстанның жол-ғылыми саласын үлкен өзгерістер күтуде - Арман Алибаева

Соңғы жылдары Қазақстанның автожол саласы ғылыми және цифрлық салаларда айтарлықтай оң нәтиже көрсетіп келеді. Биыл ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жол құрылысындағы күрделі нормативтік реттеу мәселесі және көлік саласында бәсекеге қабілетті өнім жасау қажеттігі туралы бірнеше рет айтты. Осы күрделі тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы BaigeNews.kz тілшісіне Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының басшысы Арман Алибаева айтып берді.

- Арман Халилоллақызы, сіз бұған дейін отандық жолдарды салу сапасы мен жылдамдығын едәуір арттыра алатын Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың біріңғай базасын құру туралы айтқан болатынсыз. Сіз жарияланған барлық жоспарларды жүзеге асыра алдыңыз ба?

-Біз Бірыңғай базаның жобасын пилоттық режимде іске қостық және дизайн сапасы, бағдарламаның жұмыс жылдамдығы және деректердің өзектілігі өте жоғары деңгейде екенін айтқым келеді. Біз оны толтыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатырмыз – осы жылы оған Қазақстанның 8 өңірінен 106 карьер, сондай-ақ, 61 тас материалдар, 45 – құм, 51 – ҚҚҚ, ГПС, ШҚҚҚ және ШҚҚ, 2-битум, 1-минералды ұнтақ туралы ақпарат қосылды. Бірыңғай база жобасының мақсаты if5sk тас, құм, ҚҚҚ, битум және басқа да материалдарды өндіретін ҚР барлық карьерлері мен зауыттарын цифрландыру болып табылатынын еске саламын. Біздің пайдаланушыларда орналасқан жері, тауарлық-материалдық құндылықтар мен бағалар туралы мәліметтер болады. Жобаның басты артықшылықтарының бірі - жол-құрылыс материалдарын өндірушілердің лоббилеу, сондай-ақ олардың сапасы мен болуын бұрмалаумен күресу. 2023 жылы біз түрлі ұйымдардың жол мамандарының қатысуымен 6 техникалық кеңес отырысын өткіздік және базаға 75 жаңа технологиялар мен материалдарды қостық. Олардың 29-ы сәтті апробациядан өтіп, «Жасыл» мәртебеге ие болды. Тағы 9-ы «Сары» мәртебесімен тәжірибелік телімдерде апробациялану сатысында. 37-і - қазір зертханалық сынақтан өтуде және "Сұр" мәртебесіне ие.

- Жол нормативтерін қайта құрылымдау жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

-Мемлекеттік тапсырмаға сәйкес, біз ҚР жол саласының барлық нормативтік құжаттарын өңдеуді 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Институт біздің нормативтік-құқықтық базамызды инновацияларға икемді ету үшін көп күш жұмсауда. Жұмыс 2023 жылы басталды. Осы уақыт ішінде біз ҚХР, АҚШ, Ресей Федерациясы, Беларусь, Азия және Еуропа елдеріне бара отырып, олардың нормативтік құрылымдарына талдау жүргіздік. Сондай-ақ, біз қазақстандық НТҚ қайталану мен олқылықтар қайшылығы тұрғысынан талдау жасадық. Бүгінгі таңда 1200-ге жуық нормативтік құжаттың 48% қайта қаралып, талданды. Оларды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нормативтерді қайта өңдеу жұмыстары келесі жылы да жалғасатын болады. Қайта өңдеу жұмыстарында алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы және халықаралық стандарттарды қатар қолдану мүмкіндігін өзектендіруге ерекше назар аударылатынын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде мердігер ұйымдарға автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жаңа әлемдік технологияларды таңдауға мүмкіндік береді. Жұмыстарды уақтылы аяқтау және осы мәселеге жан-жақты көзқарас үшін біз жоғары білікті отандық мамандар мен сала сарапшыларын жұмысқа тартамыз.

- Өткен жылы Сіз кәсіби жолшылар банкін құру ықтималы туралы да айттыңыз, ал ҚазжолҒЗИ мамандары кадр тапшылығы туралы бірнеше рет айтқан болатын. Бұл бағытта ілгерілеу қалай жүріп жатыр?

-Институттың ұсынысымен Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп үлкен жұмыс атқарды, осыған байланысты көлік мамандықтары бойынша оқуға 1000 грант бөлу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, біздің министр Марат Қарабаев студенттерді оқытуда құрылыс бағыттарын бөлуге қол жеткізді, себебі салада кадрлардың тапшылығы байқалды, бұл біздің есептеуіміз бойынша бітіруші студенттер санынан шамамен 10 есе көп болды. Институт Jolshy кәсіби жолшылар базасын қалыптастырды. Институт сайтында болашақ және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жол мамандары – ЖОО түлектері, инженерлер, шеберлер, жобалаушылар және т.б. туралы мәліметтер жинау жарияланды. Қазір базаны толтыру және мамандар базасында кадрлар мәліметтерін (біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары және т.б.), жол саласы кадрларының қажеттілігі туралы статистикалық деректерді, жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеу көрсетілетін Enbek.kz және eLicense.kz секілді платформалармен одан әрі біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Статистикалық деректер мемлекеттік органдарға саладағы кадрлардың қажеттіліктері бойынша нақты деректерді иеленуге, талдамалық зерттеулер жүргізуге, қажетті шараларды қабылдау және іске асыру үшін тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз білім беру курстарын белсенді жүргізудеміз. 2022 жылы "ҚазжолҒЗИ" АҚ Құзыреттілікті дамыту орталығында біліктілікті арттыру курстарынан 152 маман, ал 2023 жылы 300 адам өтті. Тыңдаушылар саны 2 есе артты, бұған дейін үлкен ұйымдастырушылық жұмыс болды. Бұл семинарлар, әкімдіктердің, мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, сондай-ақ оларды өткізудің түрлі курстары мен нысандары. Біз алғаш рет тапсырыс берушінің базасына, сондай-ақ құрылыс жұмыстары кезінде тікелей құрылыс алаңдарында көшпелі курстар өткіздік. Білікті кадрлардың тапшылығы мәселесін бірден шешу мүмкін емес, бірақ үлкен және ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрған мәселе орнынан қозғалды.

- Осы жылы сіздің институттың қатысуымен қандай маңызды оқиғалар орын алды?

-Жыл жақсы өтті деп айта аламын. Біз шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнаттық, бұл туралы алдын хабарланған болатын. Jiangsu Transportation Institute өкілдері келіп, кездесу барысында ҚазжолҒЗИ базасында көлік және жол саласындағы қазақстан-қытай зерттеу орталығын құру мүмкіндігі талқыланды. Біздің мамандар АҚШ-тың жол институттарына барды, онда Беркли университетімен бірге біз жолдың пайдалану қасиеттерін бағалау үшін сенсорларды енгізу бойынша ғылыми жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Егер бұрын институт температуралық-ылғалдылық режимі бойынша зерттеулер жүргізген болса, енді біз жолдың деформациясын алдын ала анықтауға және тиісінше алдын алу шараларын қолдануға болатын сенсорларды енгізгіміз келеді. Айта кету керек, біз көпірлерді пайдалануды басқару жүйесінің цифрлық базасын дайындадық. Ол бойынша 2023 жылы ҚР көпірлері бойынша бірыңғай база құрылды, олардың техникалық жай-күйін бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді, қолданыстағы қадағалау жүйесі қайта қаралды, күрделі сыныпталмаған көпірлерге аспаптық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ "Түгендеу және тексеру" және "Есептер" модульдері енгізілді, бұл есептерді талдау мен дайындауды едәуір жеңілдетеді. КПБЖ жобасымен біздің пайдаланушылар көпірлердегі апаттардың алдын алуда қиындықтарға тап болмайды. Ал бұл республика үшін ірі ақшалай қаражатты үнемдеу деген сөз. Сондай-ақ, біз Kaztraffic-2023 көрмесінде "Инновациялар мен инфрақұрылым торабы: жол саласын дамыту формуласы" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырумен айналыстық. Біз Еуропа мен Азиядағы әріптестермен одан да тығыз байланыс орнаттық. Қазақстанда алғаш рет PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының (ПИАРК) ұлттық комитеті құрылды, оның іс-шарасына біз де белсенді қатыстық. Және, институт Астанаға көшуді толығымен аяқтады, институтты жаңғырту, ҚазжолҒЗИ имидждік құрамдас бөлігі мен ішкі мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар құрамы жаңарды, негізінен жастар саны артты.

- Келесі жылы ҚазжолҒЗИ үшін қандай перспективаларды көріп отырсыз?

-Біздің қазіргі жағдайымыз: жаңа нормативтік база мен салалық біліктілік базасын құру, қызметіміздің бағыттарын цифрландыру, ғылыми әлеуетті арттыру, постдокторантураны ұйымдастыру және зертханалық-техникалық базаны жаңарту бойынша тығыз жұмыс істеу. Келешекте біздің міндеттерімізге жаңа технологияларды ғылыми-техникалық сүйемелдеуді енгізу, озық стандарттарды енгізу үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың АЖ-мен біріктіру, институционалдық компоненттерді дамыту (ОАӨЭЫы жолдарды жасыл қорғау, ұлттық көлік моделін әзірлеу, ЖКО шоғырлану орындарын есепке алу жүйесін енгізу) және, қаржыландыру көздерін іздеу кіреді. Менің ойымша, біз Қазақстанның көлік саласы үшін үлкен пайда әкелуді жалғастырамыз және біздің еңбегімізді қадағалаушыларды тағы да таң қалдырамыз. Институт тынымсыз еңбек етуде және, менің ойымша, 2030 жылы Қазақстанда нормативтердің жаңартылған жол базасы ғана емес, сонымен қатар жол құрылысын едәуір жеделдетуге, жеңілдетуге және жақсартуға мүмкіндік беретін біздің саламыздың ең өзекті деректері жиналатын цифрлық жобалар болады.