Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күні ұрыс алаңында қайсарлық танытқан ардагерлер ұлықталып, қаза тапқан боздақтарды еске алып, рухтарына тағзым етеміз. Майданда ерлік көрсеткен қаһармандардың есімі халықтың жадында мәңгіге сақталатыны сөзсіз. Адамзатқа қайғы-қасырет алып келген соғыстың зардабы қаншалықты ауыр болғаны тарихтан белгілі. Қазір зайырлы мемлекетіміз күллі жаһанға бейбітшіл ұстанымымен көпке үлгі.
Ардагер мен қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас бақыт тілейміз! Ауызбірлігі мығым, татулығы жарасқан ортақ шаңырағымыз – Қазақстан гүлдене берсін!