Іс-шараны «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Газпромнефть – Битумные материалы» компаниясымен бірлесіп, ALT University қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарға жол-құрылыс және мердігер ұйымдардың, материал өндірушілердің, ғылыми-зерттеу орталықтары мен сынақ зертханаларының 60-тан астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Қазақстан мен Ресей сарапшылары, соның ішінде «Битумные материалы» ғылыми-зерттеу орталығының, «СИБУР ПОЛИЛАБ», Мәскеу қаласының «Автомобильные дороги» мекемесінің және «АБЗ-1» АҚ мамандары болды.
Қатысушылар полимер-битум тұтқырғыштарын сынау әдістерін, полимерасфальтбетон қоспаларын әзірлеу мен олардың сапасын бақылауды, СБС-полимерлерін және битум негізіндегі өзге де материалдарды қолдануды қарастырды. Қазақстанның нормативтік-техникалық базасын дамытуға, PG жіктемесі мен Superpave тәсілдеріне, сондай-ақ мұнай өңдеу зауытында өндірілген сәттен бастап жол жабыны төселгенге дейінгі барлық кезеңде битум сапасын бақылауға ерекше назар аударылды.
Семинар мамандардың тәжірибе алмасуына және Қазақстанның жол саласында қолдануға болатын шешімдерді талқылауына мүмкіндік берді.