Алынған материалдар ғылыми-зерттеу зертханасында тексеріледі
"ҚазжолҒЗИ" АҚ зертханасының қызметкерлері Ақмола облысы бойынша қиыршық тас карьерлерінен материалдарды тексеруді және іріктеуді бастады. Әрі қарай карьерлерден алынған сынамалар институттың ғылыми-сынақ зертханасында зерттелетін болады.
Қазіргі уақытта зертхана қызметкерлері Зеренді ауданының карьерлеріне зерттеу жүргізуде. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, осы аудандағы карьерлер саны - 31.
Алайда, зерттеу жұмыстары бұл ақпараттың ескіргенін көрсетеді. Кейбір карьерлер қараусыз қалған немесе қысқы мезгілге жабылап тасталған.
Облыстың жол-құрылыс әлеуетін зерттеу шамамен бір айға созылады. Астана қаласының зертханасы 3 тоқсанға дейін 4 облысты қамтуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, карьер материалдары туралы ақпарат цифрландырылып, жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасына енгізілетін болады. Бірыңғай базаның деректері жолдарды жобалау және салу кезінде пайдаланылатын болады.