«ҚазжолҒЗИ» АҚ Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумына қатысты. Форум аясында жолшы-ғалымдар автомобиль жолдарының сапасын жақсарту бойынша цифрлық шешімдерді ұсынды.
Институттың «Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар» (rcmbase.kz) базасы, Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі (КПБЖ) және Көше-жол желісін басқару жүйесі (ЖЖБЖ) секілді цифрлық әзірлемелері жолдарды салу мен күтіп-ұстауға деген көзқарасты айтарлықтай өзгертуі, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын басқарудың тиімділігін арттыруы тиіс.
Мысалы, rcmbase.kz базасында мердігерлер мен жобалаушылар сайттан құрылыс нысанына жақын орналасқан карьерлерді, асфальт және битум зауыттарын тез тауып, олардың сапа туралы мәліметтерін бірден көре алады. Базаны пайдалану құрылысты жеңілдетеді және жолдарды жобалау жылдамдығын арттырады, ал деректердің ашықтығы олардың құрылыс сапасын жақсартуға көмектеседі.
Ал көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі (КПБЖ) республиканың инженерлік құрылыстары туралы әркелкі ақпаратты біріктіріп, электрондық форматқа аударуға арналған. «ҚазжолҒЗИ» әзірлеушілері көпірлер базаға енгізілгеннен кейін пайдаланушылар әрбір көпір туралы деректерді, оның ішінде жобалау-техникалық сипаттамаларын, техникалық жай-күйін ағымдағы бағалауды, анықталған ақаулар мен жүргізілген жөндеулер туралы өзекті мәліметтерді ала алады деп мәлімдейді. Жүйеде көпірлердің цифрланған көрінісі де бар және олардағы қол жетімсіз жерлерді көруге болады. КПБЖ әр нысан бойынша есептерді автоматты түрде қалыптастырып, регламенттік немесе күрделі жөндеу мерзімдерінің жақындауы туралы, сондай-ақ осындай жұмыстардың бюджетін жоспарлай алады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 3,5 мыңнан астам көпір құрылыстары бар, олар сарапшылардың пікірінше, әр 5 жыл сайын, ескі нысандар – әр 3 жыл сайын диагностикалануы қажет.
Өз кезегінде, КПБЖ – бұл қаланың инфрақұрылымын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында көп қолданушыны басқаруға, жол активтерін тұжырымдауға және көрнекі етуге мүмкіндік беретін интеграцияланған құрал. Жүйе кабинеттен шықпай-ақ, сізден жүздеген және мыңдаған шақырым қашықтықтағы Қазақстанның кез келген тасжолына немесе көшесіне жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жол мамандарына жолдарды күтіп-ұстауды немесе жөндеуді жоспарлау кезінде шешім қабылдауға бірегей мүмкіндіктер береді. Көрсетілген шешімдер жол саласындағы материалдардың сапасы, жұмысты жобалау және толық ашықтық принциптерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.