«Автомобиль жолдарына арналған заманауи материалдар мен технологиялар» ақпараттық айдары аясында біз жол жабындарының пайдалану сенімділігі мен ұзақмерзімділігін арттыруға бағытталған шешімдерге арналған жарияланымдар легін жалғастырамыз.
Айдардың кезекті материалы жол саласында жиі талқыланатын, алайда біржақты бағаланбайтын құралдардың бірі, асфальтобетон қоспаларына арналған модификаторлар мен қоспаларға туралы болмақ.
Модификаторлар тақырыбы неге пікірталас тудырады
Жол құрылысы тәжірибесінде модификаторлар мен қоспалар асфальтобетонды «жақсарту» тәсілі ретінде жиі қарастырылады. Алайда олардың тиімділігі қолдану фактісінің өзіне емес, құрамды, мөлшерлемені және пайдалану шарттарын дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
Әлемдік және отандық тәжірибеде мұндай материалдар мына мақсаттарда қолданылады:
- асфальтобетонның ойық түзілуіне төзімділігін арттыру;
- жабынның жарықшаққа төзімділігін күшейту;
- қоспаны климаттық жағдайлар мен көлік жүктемелеріне бейімдеу;
- өндіру және төсеу үдерістерінің технологиялық тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, модификаторлар жобалау қателіктерін немесе технологияны бұзған жағдайдығы кемшіліктерді түзеудің жолы емес, олар тек жүйелі тәсілдің бір бөлігі ретінде ғана тиімді жұмыс істейді.
Қоспалар мен модификаторлар - кешенді шешімнің элементі
Модификаторлардың негізгі функциясы - битумды байланыстырғыштың қасиеттерін және асфальтобетон қоспасының құрылымын өзгерту. Құрамына байланысты олар:
- жоғары температура кезінде битумды тұрақтандырады;
- төмен температурада жабынның серпімділігін арттырады;
- қоспаның ылғалға және қартаюға сезімталдығын төмендетеді.
Бұл ретте әмбебап модификаторлар болмайтынын түсіну маңызды. Қоспаларды қолдану әсері мына факторларға байланысты айқындалады: • климаттық аймақтың түрі; • қозғалыс қарқындылығы және осьтік жүктемелер; • асфальтобетон қоспасының түрі; • өндіру технологиясын және сапаны бақылауды сақтау.
Модификаторларды таңдау кезінде нені ескеру қажет
Негізгі мәселелердің бірі материалдың нақты пайдалану жағдайларындағы мінез-құлқын тексеріп бағаламай жатып, қысқамерзімді әсерлерді күту.
«Модификатор қағаз жүзінде немесе пайдаланудың алғашқы айларында емес, жабынның бүкіл өмірлік циклі бойы тиімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл тек тиімділігі дәлелденген және дұрыс қолданылған жағдайда ғана мүмкін», - деп атап өтеді салалық сарапшылар.
Сондықтан материалдарды сынақтан өткізу, апробациялау және олардың нақты объектілердегі тиімділігін растау ерекше маңызға ие.
Өндірушілер мен шешімдерді әзірлеушілер
Нарықта модификаторлар мен қоспалардың түрлі түрлері ұсынылғанғ, олар полимерлі, резеңкеқұрамды, химиялық және кешенді жүйелер. Олардың құрамы, әсер ету тетігі және экологиялық сипаттамалары айтарлықтай ерекшеленеді. Осы жағдайларда өндірушілер туралы, сынақ нәтижелері және материалдарды қолдану мәртебесі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін ашық цифрлық құралдардың рөлі арта түсуде.
Асфальтобетонға арналған модификаторлар мен қоспаларды өндірушілер мен әзірлеушілер тізімімен мына сайтта танысуға болады: https://rcmbase.qazjolgzi.kz