ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Габдуллина "ҚазжолҒЗИ" АҚ-ның нормативтік-техникалық базаны өзектендіру және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жаңа стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысы туралы есебін тыңдады.
Жаңа стандарттар жолдарды жобалау мен салудың жаңа тәсілін қамтамасыз ететін озық технологияларды, цифрлық шешімдерді және инновациялық әдістерді пайдалануды көздейді. Бұл инновациялар жол инфрақұрылымын одан әрі қауіпсіз, тиімді және тұрақты етеді. Бұл жаңалықтар климаттың өзгеруі және көлік жүесіне қойылатын талаптардың өсуіне бейімделген.
Айта кету керек, бұл бағытта "ҚазжолҒЗИ" АҚ АҚШ, Еуропа, Қытай, Канада және басқа да елдердің ғалымдарымен және зерттеу орталықтарымен бірге үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін белсенді жұмыс жасауда.