Еліміздегі жол саласының мамандары жол қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету бойынша Чехия елінің тәжірибесін үйреніп жатыр.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазжолҒЗИ) қызметкерлері серіктестік қатынастарды нығайту және жол қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибені зерделеу үшін жұмыс сапарымен Чехияға барды.
Сапар аясында Чехияның Көліктік зерттеулер орталығымен, vvi (CDV) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, бұл озық тәжірибемен алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, қазақстандық мамандар Чехияның Көлік институтында жол-көлік оқиғаларын терең талдау және жол қауіпсіздігі бойынша аудиторларды даярлау тақырыптары бойынша оқудан өтуде.