Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыста «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті әріптестерді келе жатқан мерекемен құттықтап, біздің қызметкерлеріміздің осы жылғы елеулі табыстарын атап өтті.
Жиналыс барысында PhD-ға мемлекеттік білім грантқа ие болған қызметкерлерге институт президенті атынан естелік сыйлықтары табыс етілді.
Институт қызметкерлеріне арналған арнайы викторина өткізілді. Конституция күні мен еліміздің тарихы жайлы сұрақтар қойылды. Үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер тәтті сыйлықтармен марапатталды, бұл шараның маңыздылығын көрсетті.