Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстан жол саласындағы халықаралық стандарттарды қалыптастыруға қатысуын одан әрі күшейтіп келеді

Халықаралық көлік-логистика форумы аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері 2026 жылғы 30 наурыз - 1 сәуір аралығында өткен МТК 418 «Жол шаруашылығы» мемлекетаралық стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің отырысына қатысты.

Отырыс ЕАЭО кеңістігінде автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нормативтік-техникалық базаны өзектендіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. ТР ТС 014 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарын жетілдіруге, сондай-ақ оған байланысты мемлекетаралық стандарттарға ерекше назар аударылды.

Бағдарлама аясында қатысушылар АБЗ-1 және НИЦ «Газпромнефть – Битумные материалы» сияқты жетекші өндірістік алаңдарға барды. Сарапшыларға заманауи технологиялық үдерістер, шығарылатын өнімдердің номенклатурасы және сынақ зертханаларының мүмкіндіктері таныстырылды. Автомобиль жолдарын салу мен күтіп-ұстау саласында қолданылатын инновациялық шешімдерге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша МТК 418-дің алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар мемлекетаралық стандарттар мен ТР ТС 014 техникалық регламентінің талаптарын өзектендіру бойынша басым бағыттар айқындалды. Негізгі шешімдердің бірі ретінде жол саласындағы қолданыстағы стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін бағалау көзделді.