"Көлік құрылысы" бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды.
Ел тарихында тұңғыш рет жол саласының болашақ ғалымдары мемлекеттік білім беру гранттары есебінен дайындалатын болады. Байқау қорытындысына сәйкес 10 адам көлік құрылысы бағыты бойынша докторантураға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық біліктігі жоғары маман жетіспейді. Тәуелсіздік жылдары ішінде тек 2023 жылы ғана Көлік құрылысы мамандығы бойынша алғашқы екі PhD пайда болды, алайда олар ақылы негізде білімді өз есебінен алған болатын.
ҚР Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі проблемаларының бірін шешу мақсатында биыл "Көлік құрылысы" бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға бағытталған 10 грант бөлінген болатын.