Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанда көпірлердің өтпелі аймағын жобалау мен жөндеуге арналған бірыңғай норматив бекітілді

Қазақстанда ВН «Көпір құрылыстары. Көпірдің үйіндімен түйісу аймағы» атты ведомстволық нормативтік құжат қолданысқа енгізілді. Бұл құжат көпір мен оған жақын орналасқан үйінділер арасындағы өтпелі аймақты жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезінде қолданылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Аталған учаске жол жамылғысының шөгуі мен деформациялары ең жиі орын алатын аймақтардың бірі болып табылады.

Құжат Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) тарапынан әзірленіп, автомобиль жолдарындағы көпір құрылыстары бойынша жұмыстардың толық циклін қамтып, инженерлік-геологиялық ізденістерден бастап, конструктивтік шешімдерді таңдау, жөндеу және кейінгі пайдалану кезеңдеріне дейінгі процестерді реттейді.

Нормативте өтпелі плиталар мен төсемдер, олардың тіреу тораптарына, қиыршықтас негіздеріне, дренаждық үйінділер, сондай-ақ үйінді конустары мен еңістерін нығайтуға қойылатын талаптар айқындалған. Бұл талаптар көпірлерді жаңа салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.

ВН талаптары Қазақстанның барлық климаттық аймақтарында пайдаланылатын көпірлерге қолданып, оның ішінде сейсмикалық қауіптілігі 9 баллға дейінгі аудандар мен күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар учаскелерде, әлсіз, суланған және шөгетін грунттар орналасқан аумақтар да қамтылған.

Құжатта диагностикалық жұмыстарға ерекше назар аударылған. Көпірдің үйіндімен түйісу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру және бағалау әдістемесі енгізіліп, бұл ақауларды ерте кезеңде анықтауға және негізделген жобалық әрі жөндеу шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өтпелі аймақтың тұрақтылығына тікелей әсер ететін инженерлік-геологиялық және гидрологиялық ізденіс материалдарына қойылатын талаптар белгіленген.

Норматив үйіндінің табаны мен денесінің көтергіш қабілетін арттыру тәсілдерін, соның ішінде геосинтетикалық материалдар мен заманауи грунт нығайту технологияларын қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Сондай-ақ шайылу, эрозия және сырғыма үдерістерінен қорғау шаралары да реттелген.

Норматив талаптарының практикалық жүзеге асырылуы заманауи цифрлық құралдарды енгізумен қатар жүргізілуде. Көпірлерді тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен үш өлшемді модельдеу технологиялары қолданылып, түйісу тораптарының цифрлық модельдері қалыптастырылады. Бұл олардың техникалық жай-күйін неғұрлым дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмыстар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен үйлестіру арқылы іске асырылуда және көпір құрылыстарының сенімділігін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға әрі автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған.

Құжатпен Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының ресми сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://new-shop.ksm.kz/egfntd/ntdgo/kad/